Облыс полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы іздестіруде жүрген қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департемінті ұсынған мәліметке сәйкес 2011 жылдың басында күдікті үш серіктесімен бірге облыс орталығындағы Сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, дүкеннен 3,5 млн теңге қаржы сақталған сейфті көтеріп кеткен. Аталған қылмысқа қатысы бар қаскөйлердің барлығы ұсталып, сотталғанымен, күдіктілердің бірі осы уақытқа дейін бостандықта жүрген. 10 жыл өткеніне қарамастан ШҚО Қылмыстық полиция қызметкерлері биыл күдіктіні іздестіру жұмысын күшейтіп, нәтижесінде қолға түсірді.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында әріптестердің көмегімен күдікті сәуір айының басында Алматы қаласында ұсталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, алдағы уақытта Өскемен қаласына этапталатын болады.
Осы жылдың бірінші тоқсанында жедел уәкілдер әртүрлі жағдайда іздеуде жүрген 46 қылмыскерді анықтап, құрықтағанын айта кеткен жөн.