ШҚО-да үш айда тоғыз қылмыстық іс тіркелген

558
көрілім
Шартты сурет

Жауапты тұлғалар билік өкілінің өміріне қауіп төндіргені үшін жаза көлемі қандай екенін де айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, соңғы үш айда ШҚО ПД тергеу бөлімшелерінің өндірісінде полицейлерге қарсылық көрсету фактісі бойынша тоғыз қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің  380, 380-1-баптары) тіркелді.  
Айта кетсек, ҚР ҚК-нің 380-бабының санкциясымен келтірілген зиянның ауырлығына байланысты айыппұлдан бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
– Егер билік өкілінің өмірі мен денсаулығына зорлық-зомбылық қолданылған жағдайда кінәлі адам 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, баптың 2-бөлігі бойынша жазаланады, – делінген мәліметте.
Бұдан басқа, ҚК-нің 380-1-бабында билік өкілдерінің өміріне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Ол мүлкі тәркіленіп немесе 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылмақ.