ШҚО-да үш күн ішінде заңсыз айналымнан 19 қару шығарылды

313
көрілім

Шығысқазақстандық тәртіп сақшылары «Қару» жедел алдын алу шаралары кезінде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Суық қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мен қару иелерін тексеру және заңсыз айналымнан шығару бойынша нәтижелі шара ұйымдастырылды.

Үш күн ішінде мекенжайы арқылы 2400 қару иесі тексерістен өтті.

– Полицейлер 109 әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеді. Оған қоса, 19 қару заңсыз айналымнан шықты. Оның ішінде 13 тегіс үңгілі, 1 травматикалық, 5 электрлік қару. ҚР заңының 482-бабы бойынша 17 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.