Бұл туралы шешім облыс әкімдігінде өткен мәслихат сессиясы кезінде қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған сүйенсек, аймақта облыстық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы жұмысын жалғастырмақ. Одан бөлек, облыстық мобилизациялық дайындық, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жөніндегі басқармасы да "қайта оралады" деп жатыр. Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың сөзінше, көктемгі су тасқыны мен жиі болған жер сілкісінен соң осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Облыстық Қоғамдық даму басқармасы қайтадан Ішкі саясат басқармасы болып өзгертілді.