Облыстық Полиция департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, солардың көбі Өскемен, Риддер қалаларында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, соңғы үш жылда өңірде 2931 ауыр және 346 аса ауыр қылмыс тіркелді. Олардың басым бөлігі Өскемен, Риддер, Алтай қалаларында және Глубокое ауданында болған.
– Соңғы үш жылда жедел уәкілдердің күш салуымен 1965 ауыр, 319 аса ауыр қылмыс ашылды. Көбі ұрлық, алаяқтық, есірткіге қатысты. Департамент тарапынан осылардың алдын алуда түрлі шаралар іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері 83 есірткі қылмысы, оның ішінде, 73 тасымалдау фактісі тоқтатылды, – деді Департамент бастығы Ерлан Омарбеков.
shkoda_ush_zhylda_3000ha_zhuyk_auyr_kylmys_tirk
59