Азаматтарды тұрғын үймен екі бағыт бойынша қамтамасыз ету жоспарлануда: бастапқы жарнасымен жылдық 2% жеңілдікті ставка бойынша сатып алу және әлеуметтік жалға алу шартымен тұрғын үй беру, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Бүгінгі таңда 364 отбасы баспанамен қамтылды. Алайда 1451 көпбалалы жанұя әлі де кезекте тұр, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Өңір басшысының айтуынша, алдағы үш жылда әлеуметтік жалдамалы және несиелік тұрғын үй салу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Осы жылы көпбалалы отбасыларға 190 жалдамалы пәтер, 2020 жылы 532, 2021 жылы 729 үй берілмек.