Бесқарағай ауданында өзенге құлап түскен ұялы телефонын алып шықпақ болған 1964 жылғы азамат суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға, 25 тамыз күні Бесқарағай ауданы, Долон ауылында орын алған. Куәгерлердің сөздеріне сүйенсек, пароммен келе жатқан ер адам абайсызда ұялы телефонын суға түсіріп алып, артынан өзі суға секіріп кеткен. Алайда ол сол күйі судан шықпапты.
Семей қаласындағы Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде, марқұмның денесі келесі күні табылды.