Биыл облыстағы колледждерді білім, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина, қызмет көрсету сынды 101 мамандық бойынша 5030 маман тәмамадады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал 2024-2025 оқу жылына колледждерге 6630 мемлекеттік тапсырыс орны, оның ішінде нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша 905 орын бөлінді. Тапсырыс бөлу барысында кадр тапшылығын азайтудың өзекті мәселелері ескерілді. Мектептен кейін колледжге түсуге ниеттілер үшін құжат тапсыру 25 маусымда басталған еді.
Сондай-ақ өңірде «Білікті Маман» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Оның мақсаты – жыл сайын облыстағы жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім гранттарын бөлу. Осы жылы білім, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, машина жасау, құрылыс, ветеринария және ауыл шаруашылығы салаларына 270 грант бөлінді. Аталған жоба бойынша 5-10 тамыз аралығында облыстағы жоғары оқу орындарында құжаттар қабылданатын болады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА