Аймақта мемлекеттік қызметтерді онлайн алу танымал болуда. 2023 жылы филиал онлайн форматта 2000-нан астам заңды тұлғаларды тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Гульфайра Нұржанованың айтуынша, бизнесті тіркеу процедурасын жеделдету мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үдерісінің арқасында мүмкін болды. Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға 5 және одан да көп құжатпен келіп, тіркеуді алу үшін деректерді тексеруді 5 күнге дейін күтетін болса, бүгінгі күні электронды түрде барлық рәсім бір күннен аспайды және ешқандай құжат талап етпейді.
Сондай-ақ келесі қызметтер де электронды портал арқылы онлайн көрсетіледі: Шағын және орта бизнес субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін бастапқы тіркеу; Коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеу; Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тарату; Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін өзгерту;
- Бүгінгі таңда ең сұранысқа ие қызмет - заңды тұлға басшысын онлайн форматта өзгерту екенін айтқан орынды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтарында заңды тұлғалардың атаулары мен мекенжайларына онлайн түзетулер енгізу қызметі іске қосылған болатын, - делінген мәліметте.