Шығыс топырағының талай тұрғыны туған өлкесінде қандай жан-жануарлардың мекен етіп, өсімдіктердің қай түрі өсетіндігінен бейхабар болса керек. Мұның бір себебі табиғаты тұмса өңірдің кереметіне көпшілігінің әлі толық бойлай алмағандықтарынан болар. Бәрінен бұрын қарағайлы ну ормандар мен сай-саланы, шатқалдар мен жоталарды мекен еткен тағылардың, оның ішінде саны азайған құстардың аң аулауға тыйым салынған мерзімде де атылып жататындығы көңілге кірбің салмай қоймайды. Өңірдегі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары жануарлар мен қанаттыларға келтірілген залал бойынша қандай мөлшер айыппұл салыну бекітілгендігімен бөлісті.
Бұл жерде аумақтық инспекция мамандары атылған аң мен құстарға салынатын айыппұлды айлық есептік көрсеткішпен (әрі қарай АЕК) ұсынғандығын айта кетейік. 2021 жылдан бастап 1 АЕК мөлшері – 2917 теңге. Аймақта кездесетін жануарлар сурет түрінде берілді.
Құлжа (арғалы, арқар, үстірті қойы) – 1500 АЕК
Ілбіс (барыс ) – 2000 АЕК
Бұлан – 500 АЕК
Қарақұйрық – 400 АЕК
Сібір таутекесі – 250 АЕК
Елік – 250 АЕК
Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы) – 200 АЕК
Құну – 100 АЕК
Жердегі сүтқоректілер
№ |
Жабайы аңның атауы |
Зиянды өтеу ставкасының мөлшері АЕК түрінде (әрбір дарағы/ әрбір килограмы үшін/ұясы үшін) |
1 |
Борсық |
10 АЕК |
2 |
Тиін |
5 АЕК |
3 |
Құндыз |
15 АЕК |
4 |
Қызыл қасқыр |
600 АЕК |
5 |
Сусары |
10 АЕК |
6 |
Ақкіс |
10 АЕК |
7 |
Қара кірпі |
5 АЕК |
8 |
Қоян |
5 АЕК |
9 |
Сасық күзен |
10 АЕК |
10 |
Қарақал |
600 АЕК |
11 |
Қарсақ |
5 АЕК |
12 |
Шағыл мысығы |
200 АЕК |
13 |
Түрікмен құланы |
2000 АЕК |
14 |
Аққұлақ |
10 АЕК |
15 |
Түлкі |
5 АЕК |
16 |
Сабаншы |
300 АЕК |
17 |
Қоңыр аю |
200 АЕК |
18 |
Теңбіл бұғы |
700 АЕК |
19 |
Су тышқан |
5 АЕК |
20 |
Түркістан сілеусіні |
200 АЕК |
21 |
Саршұнақ |
5 АЕК |
22 |
Бұлғын |
40 АЕК |
23 |
Қабылан |
2000 АЕК |
24 |
Үлкен көртышқан |
200 АЕК |
Құстар
|
Құс атауы |
Айыппұл мөлшері |
1 |
Қара ләйлек |
200 АЕК |
2 |
Үлкен, кіші суқұзғын |
1 АЕК |
3 |
Кекілік |
5 АЕК |
4 |
Сұңқар |
200 АЕК |
5 |
Тарғақ |
400 АЕК |
6 |
Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы) |
200 АЕК |
7 |
Шіл |
5 АЕК |
8 |
Сұңқылдақ аққу, кішісі |
400 АЕК |
9 |
Сыбырлақ аққау |
50 АЕК |
10 |
Қасқалдақ |
5 АЕК |
11 |
Шыбыншы торғай |
100 АЕК |
12 |
Бақалтақ қыран |
100 АЕК |
13 |
Бөдене |
5 АЕК |
14 |
Сұқсыр |
5 АЕК |