ШҚО-да заңсыз балық аулаған ер адам қолға ұсталды

345
көрілім
Шартты фотосурет

Сәуір айының 7-сі күні заңсыз балық аулау фактісі тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция  департаментінің патрульді полиция бөлімінің қызмет инспекторлары патрульдік іс-шара барысында 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ 2121» автокөлігін тоқтатқан.  
Мәшинені тексеру барысында жүк салғыштан қытайда жасалған тор, резеңке қайық және ілеспе құжаттары жоқ жеті шортан балығы табылды.
– Белгілі болғандай, ер адам балықты Ұлан ауданындағы көлдердің бірінен заңсыз аулаған. Браконьерден заңсыз ауланған балық пен тыйым салынған аулау құралдары тәркіленді. Балықшыға қатысты он  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген, – делінген мәліметте.
 ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабына сәйкес (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау) хаттама толтырылды.