ШҚО-да заңсыз балық аулайтын аудандар анықталды

364
көрілім
Шартты фотосурет

Жауапты тұлғалар облыс орталығында өткен жиында биылғы жылға белгіленген балық аулау лимиті мен соңғы уақытта аймақ көлемінде заңсыздықтарға жиі жол беретін аудандарға тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов өңірде өзекті саналатын бірқатар мәселелерге тоқталды. Айтуынша, белгісіз біреулер өңірдегі өзен-көлдерді торуылдап, заңсыз түрде балық аулап келеді. Мәселен облыс бойынша 2020 жылға 9115 тонна балық аулауға лимит белгіленсе, ақшаға құныққан заң бұзушылар уақтылы шара қолданылмаса, сол межеге мерзімінен бұрын жетуі мүмкін.

– Балық шаруашылығының концепциясы Атырау қаласында қаралады. Сонда балық аулауға қатысты заң бұзушылыққа қолданылатын шаралар айқындалады. Жалпы, соңғы уақыттары заңсыз балық аулау фактілері Тарбағатай, Зайсан, Күршім аудандарында жиі тіркелуде. Осы орайда тиісті шаралар қолға алынды. Бұл бағытта бірнеше инспекциямен бірлесе жұмыс істеудеміз, – дейді жауапты тұлға.

Әділхан ЕСІМХАНОВ