Қаңтар айының соңында Өскемен қаласы ПБ «102» жедел арнасына «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қала аудандарының бірінде бұрын істі болған адамның ұсталғандығы туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес полиция басқармасына Глубокое ауданының 49 жастағы тұрғынының ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оны жеке тінту кезінде күртешесінің қалтасынан 9 мм калибрлі 5 патрон және 243 мм калибрлі 3 патрон табылды.
- Сарапшы маманның қорытындысы бойынша: тәркіленіп алынған 5 патрон Макаров тапаншасы мен Стечкин автоматты тапаншасынан атуға арналған 9 мм патрондары және аталған қару түрлеріне арналған оқ-дәрі болып саналады. Сондай-ақ тәркіленген 3 патрон — аңшылық мылтық қаруларынан атуға арналған, 7,62*51 мм калибрлі мылтық патрондар және қарудың көрсетілген түрлеріне арналған оқ-дәрілер. Бұл патрондар зауыттық тәсілмен дайындалған әрі атуға жарамды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.