Шығыс Қазақстанда жүргізілген жедел алдын алу шараларының екі күнінде ғана 452 шетелдіктің ҚР аумағында болу ережелерін бұзғаны белгілі болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Онымен қоса, жұмысшы күшін тартуға байланысты 22 ҚР азаматы мен 73 еңбек мигранты жауапқа тартылды.
Уақытша жүру мерзімі 260 шетел азаматы үшін қысқартылды. Сот шешімін орындамау бойынша және ел аумағынан шықпағандықтары үшін 5 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.
– Сонымен қатар, шекара өткізу пунктін айналып өтпек болған Ресей Федерациясының азаматы анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК-ның 392-бабы бойынша тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Заңсыз келуші – 2019» жедел алдын алу шаралары көші-қон заңнамасындағы заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Аталған шара биылғы жылдың 12 қыркүйегіне дейін жүргізілетін болады.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ