ШҚО-да заңсыздықты құрықтайтын комиссия құрылды

275
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда еңбек және көші-қон заңнамасының бұзушылықтарына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда жанжалдардың алдын алу және оларға жол бермеу жөнінде жергілікті атқарушы, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, облыстық ведомоствоаралық комиссиясы (ары қарай - ведомоствоаралық комиссия) құрылды.

Ағымдағы жылдың 23 тамызында Ведомоствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, нәтижесінде тиісті тапсырмалар берілді.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын облыс кәсіпорындарында жалақы теңсіздігі, еңбек жағдайлары мәселелері әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында қаралды (2019 жылғы 31 шілдеде және 23 қазанда). Қала және аудан әкімдеріне, отырыстың қорытындысы бойынша, әкімдік, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар әкімшілігі және кәсіподақ арасында қауіпсіз және қолайлы еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумдар жасау тапсырылды. Қазіргі таңда 58 Меморандум жасалынды.

Қала және аудан әкімдері ұлтаралық кикілжің жағдайларын болдырмау мақсатында жұмыс берушілермен және жергілікті тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен облыс прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, 6 шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда, оның ішінде Қытай Халық Республикасынан жұмысқа тартылған 2 кәсіпорында («Синьсин құрылыс және дамыту Қытай компаниясы» ЖШС, «NFC Kazakhstan» ЖШС), шетелдік жұмыс күшін тарту заңдылығы және еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер жүргізілді.

Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша 207 бұзушылық, оның 76-ы еңбек, 126-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 5-і шетел жұмыс күшін тарту бойынша анықталды. 3 850 125 теңгеге (1525 АЕК) 22 әкімшілік іс және ескерту түріндегі 16 әкімшілік іс қозғалды, 5 рұқсат шақыртылды. Барлық заң бұзушылықтар толық көлемде орындалды.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берілген қолданыстағы 999 рұқсат бар, оның ішінде 1 санат бойынша - 7, 2 санат бойынша – 71, 3 санат бойынша - 165, 4 санат бойынша - 32, 5 санат бойынша – 527 және 198 корпоративішілік ауыстыру бойынша рұқсаттар. Өңірімізде жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарының саны - 999, оның ішінде Өзбекстан азаматы - 422, Қытай азаматы - 223, Түрік азаматтары- 119 және Тәжік азаматтары – 100 адам.