Көші-қон қызметінің полиция қызметкерлері шығысқазақстандықтарға жеке басын куәландыратын құжат алуға көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметкерлеріне 68 жастағы Қырғызстан Республикасының тумасы Қазақстан Республикасындағы азаматтығын растау туралы өтінішпен жүгінген.
- Анықталғандай, зейнеткер 1985 жылы ШҚО-ға көшіп келген. Бірақ осы уақытқа дейін зейнеткер Фрунзе қаласының Ішкі істер органдары 1974 жылы берген КСРО төлқұжатымен жүрген, - делінген хабарламада. - Өмірінде орын алған қиын жағдайларға байланысты ол кісі жеке куәлігін жаңаландыру үшін тиісті органдармен уақытында байланыса алмаған көрінеді.
Осылайша, Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының тұрғыны заңды түрде ҚР азаматы болып танылды.