Қазгидромет мәліметінше, 23-25 шілде күндері ыстық ауа райы Оралдан соққан дымқыл ауаның әсерінен бұлтты ауа райына ауысады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Қазақстанның шығыс және солтүстік бөліктеріне салқын әрі дымқыл ауа ағымдары соғуда. Оңтүстік-шығысқа ығысқан атмосферлік фронттармен бірге жаңбыр жауып, күн күркірейді. Дауылды жел соғып, бұршақ жаууы да мүмкін, – делінген Қазгидромет РМК хабарламасында