ШҚО-да жалауын көтерген велокөпкүндікке өзбекстандық оқушылар да қатысып жатыр

625
көрілім

Облыс аумағында өтіп жатқан «Қазақстан оқушысы - 2023» сайысы биыл 53-ші мәрте үздіктерді анықтауда. Республикалық аламан тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның ашылуы ШҚО Үстел теннисі бойынша мамандандырылған балалалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында ұйымдастырылды. Құттықтау сөз  «Дарын» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Зура Айтқазинаға, ШҚО Дене шынықтыру және спорт  басқармасының басшысы Жандос Сайхановқа, Глубокое ауданының әкімі Елдар Тумашиновке және өзге де құрметті қонақтарға берілді. Барлығы қатысушылар сәттілік тілеп, бір жетіге созылатын бәйгенің алауын жақты.


- Осындай жарысты өткізе отырып, жас таланттардың томағасын сыпырамыз. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатқан жасөспірімдер кейін ел намысын ірі бәсекелерде қорғайды. Оларға небір күрделі жолдарды бағындырып, өз мықтылығын дәлелдеу қажет. Веложарыстың үздіктері осы жерге жиналған, - деді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, биыл жарысқа Өскеменнен бөлек, Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облыстарынан және Өзбекстаннан келген.
Велокөпкүндік Шешек асуынан басталып, Северное, Ушанов, Тайынты сияқты ауылдар аумағын қамтиды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ