ШҚО-да жалған вакцинацияның 365 фактісі анықталды

294
көрілім

Өткен жылдың басынан бері елімізде қызылша ауруының өршуі тіркелген. Бұл жағдай ЮНИСЕФ есебінде (әлемде Қазақстан Республикасы қызылшамен ең көп ауыратын ел деп саналады) атап өтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларымен қызылша бойынша жағдайды жақсарту үшін бірқатар санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар қабылданды.
- Мұндай инфекцияны алдын алудың тиімді әдісі облыс тұрғындарына вакцина егу болып саналады. Бұл ретте халыққа вакцина егу мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында халыққа жалған екпе егудің 365 фактісі, екпе алудан медициналық көрсетіліммен негізсіз бас тартудың 55 фактісі анықталды. Сонымен қатар, медициналық мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың 11 түріне жол берген, - делінген ШҚО Прокуратурасы ұсынған мәліметте.
Қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда. Қызылша ауруының өршуіне жол бермеу үшін азаматтарды екпе шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.