ШҚО-да жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын қар ұстайтын тақталар орнатылмақ

610
көрілім
Биылғы жылы Шығыс Қазақстанның ерекше қар басатын аумақтарына жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын қар ұстайтын тақталар орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Биыл қыстың қаһары қатты болды. Толассыз жауған қардың көптігінен облыс жолдарының жиі жабылып отырғандығын бәріміз білеміз. «Ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы келесі қыста осындай мәселе туындамас үшін тиісті шаралардың тізгінін қолға алуда. Жоспар бойынша осы жылы 301,1 млн теңгеге өңірдің ерекше қар басатын учаскелеріне жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын тақталар орнатылмақ.