ШҚО-да жаңа суқоймалар пайда болады

367
көрілім

Облысымызда төрт суқойманы қайта құру мен қолдан жасалған алты суқойма құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыру аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін және жандандыратын ылғалмен қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын құрады деп хабарлайды газет тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта облыстағы апаттық жағдайдағы төрт суқойма жөндеуден өткізіледі: Үржар ауданындағы Қаракөл, Тарбағатайдағы Қандысу, Ұлан ауданындағы Алебастр және Күршім ауданындағы Орта Теректі өзеніндегі суқойма.

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдар аралығында алты жаңа суқойма құрылысы жүргізіледі. Жоба үш ауданда жүзеге асырылмақ: Үржар ауданындағы Көктерек және Қарабұта өзендерінде, Зайсанда — Кендерлік өзенінде, Тарбағатайда — Карғыба, Орта Ласты және Қуысты өзендерінде. Жобалық-сметалық құжаттамада судың жайылу деңгейі мен су басудың алдын алу шаралары қарастырылады.