Бүгін санавиация дәрігерлері Абай облысы аумағында қалып қалған тарбағатайлық жас ана мен жаңа туған нәрестені облыс орталығына ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2002 жылы туған Тарбағатай ауданының тұрғыны жуықта Өскеменнен таксимен жолға шыққан. Алайда су деңгейі көтеріліп, жол жабылғандықтан, Абай облысына қарасты Көкпекті ауданы, Тассай ауылында қалып қойды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, тұрғын өзін жайсыз сезініп, денсаулығына алаңдаған соң дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Анықталғандай, бүгінде жас ана мен бөбек тікұшақпен Өскеменге жеткізіліп, облыстық аурухананың гинекология бөліміне жатқызылды.
«Нәресте Ана мен бала орталығында дәрігерлер бақылауында. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген мәліметте.
Асыл АЙТБЕВ
Фотосурет облыс әкімі баспасөз қызметінен