Алтай қаласында жанармай құю бекеттерінің бірінде көлік өртеніп кеткен. Темір тұлпардың иесі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқиға кеше түстен кейін болған. Аудандық Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, жүргізуші көлігін жанармайға толтырып, қосымша тағы басқа ыдыстарға құйып алған. Куәгерлердің сөзінше, көлік қозғалған кезде жарылыс дауысы естіліп, көлік жалынға оранған.
- Оқиғаның екі себебі бар. Бірі мотор бөліміндегі ақау және будың жанып кетуі, - деп мәлімдеді аудандық ТЖБ азаматтық қорғау саласындағы қауіп-қатерді азайту және бақылау басқармасының бас маманы Алина Мамаева.
Көлік жүргізушісінің дене терісінің 30 пайызы мен тыныс алу жолдарының күйігіне ұшыраған. Жедел арада жансақтау бөліміне жеткізілген ер адамның қазіргі жағдайы ауыр халде.