Республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз шығысында және оңтүстік – шығысында найзағай болады.
Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.
shkoda_zhanbyr_kutiledi_2
59