ШҚО-да жаңбыр мен қар жауады

150
көрілім
ашық дереккөзден

Өңірде мерке күндері дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды. Buqara.kz сайтының тілшісі

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының хабарлауынша, 19 наурызда облыс орталығында жауын-шашын күтіледі. Алдағы күндері облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы да көтеріледі деп болжануда.

Осыған байланысты 19-21 наурызда қардың қарқынды еруі, еріген қардың және еңіс ағындарының толуымен, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Облыстың ТЖД өңір тұрғындарына арықтар мен арналарды тазалап оның бітеліп қалмауын қадағалап, үйдің аумағына су жайылып кетпес үшін қолда бар құралдармен ыдыс-қап, топырақ, құм, сияқты қауіптің алдын алатын заттарды қауіп төнбей тұрып пайдалану керектігін ескертті. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының хабарлауынша, 19 наурызда облыс орталығында жауын-шашын күтіледі деп болжануда