ШҚО-да жаңбыр жауады

354
көрілім
Шартты фотосурет

Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар республика аумағының басым бөлігіне әсер етуі салдарынан шығыс, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан мен Солтсүтік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең жаңбыр жауып, жел тұрып, бірқатар елдімекендерінде тұман түседі.
Тек қиыр батыста антициклон сілемінің ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Абай, Атырау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады деп болжануда.