ШҚО-да жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік сату жағдайлары жиіленген

434
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сату жағдайы жиіледі.  Бұл ретте санэпидемиялық қызметіндегілер дүңгіршектер мен дүкендерде осындай олқылық байқалған жағдайда қайда жүгіну керектігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мониторинг деп айтылып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Артынып-тартынып сауда үйлері мен дүкендердері аралағандарымен қандай да бір бұзушылықтар тыйылмауда. Енді сатып алынатын өнімдер де бақылауға алынбақ.
Сараптама жасау үшін мамандар өңірдегі сауда дүңгіршектеріндегі тауарларды іріктейді. Сонымен былтыр және биыл екі айды қосқанда іріктеп алынған азық-түлік сынамасының 19-ының жарамдылық мерзімі өткен. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, осындай олқылықтар ет, балық, құс өнімдерінде, аспаздық, кондитерлік және ұн тағамдарынан байқалған. Мамандар жарамдылығы өтіп кеткен азық-түлікті қолдану тек улану ғана емес, тұтынушы өміріне айтарлықтай қауіп келтіретінін айтуда.
– Дүңгіршектерде осындай жайттың куәсі болған тұрғындар аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына немесе бізге жүгіне алады, – делінген мәліметте.
Шағымда сауда нүктесінің атауы мен мекенжайын, бұзушылықты растайтын фото немесе бейнежазба көрсетілуі керек. Ал егер сол өнімді тұтыну кезінде денсаулыққа нұқсат келсе аталған мекеме денсаулық сақтау ұйымдарының бірінен тиісті анықтама қағазын көрсету қажет.