Жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алу үшін cізге тұрғылықты жеріңіз не уақытша тұратын (тұратын) жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
- жеке куәлік;
- 0.2 АЕК (612.60 теңге) мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат (мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжатты ұсынады);
- Қазақстан Республикасының паспорты (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортын ресімдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет жеделдетіп көрсетілуі мүмкін.
Жеделдетілген ресімдеу құны:
Облыс орталықтары үшін
3 жұмыс күні - 4983 теңге;
5 жұмыс күні - 2752 теңге;
Облыс аудандары мен қалалары үшін
7 жұмыс күні – 1116 теңге.
ШҚО Халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) жұмыс істейді.