Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 147,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға өскенімен, кейбір аудандарда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің саны азайып отыр. Атап айтсақ, бұл көрсеткіш Аягөзде – 24%, Глубокое ауданында – 24%, Зырянда – 20,5%, Шемонаихада – 71,9%-ға азайыпты.
Қоса кетсек, биылғы жылдың 6 айында облыс бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге 58,5 млрд. теңге қаржы бөлінген болатын.