ШҚО-да жарылыс жұмыстары кезінде қызметкер көз жұмды

335
көрілім

Бұл осы айда тіркелген екінші қайғылы оқиға, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


KAZ Minerals баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 шілде күні «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьевск шахтасының маңында Samid мердігерлік ұйымының қызметкері жарылыс жұмыстары кезінде жантәсілім етті.
– Оқиға орнында жұмыс тоқтатылды. Арнайы комиссия құрылып, қайғылы жайттың себеп-салдары анықталуда, – делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске сала кетейік, 13 шілде күні «Востокцветмет» ЖШС-нің Орловск шахтасы маңында КАZ Minerals қызметкері қаза болған еді.