Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- 24 қаңтар сағат 11.00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 7-66 шақырымында барлық көлік түрлері үшін жол жабылды. Бұл аумақта құтқарушылар профилактикалық көшкін жүргізуде - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да екі рет қар көшкіні жүрген болатын.