ШҚО-да жастарды қолдаудың кешенді жоспары талқыланды

356
көрілім
Шартты фотосурет

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдар өкілдері мен жастар ресурстық орталықтары, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы өңірлік ҮЕҰ қызметкерлері арасында сындарлы қоғамдық диалог құру мақсатында, ағымдағы жылдың 15 ақпанында «Өңірлердегі Министрлік күндері» шеңберінде стратегиялық сессияларды бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Баймановтың төрағалығымен «Жастар және отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарындағы 70-тен астам жастар белсенділері, жастар ұйымдары, Жастар ресурстық орталықтары өкілдері қатысты.

Ш.Байманов 2020 жылғы жастар мен отбасы саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері және 2021 жылға арналған өзекті міндеттер туралы айтып берді.

Кездесу барысында жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарының негізгі бағыттары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Жоғарыда аталған заң жобасын дайындау шеңберінде «NEET санатындағы жастарды», «Жастарды дамыту индексін», сондай-ақ «Жастармен жұмыс жөніндегі маман» ұғымдарын және т.б. заңнамалық бекіту ұсынылады.

Сонымен қатар, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сакошев Аян заң жобасы аясында «Жастарды дамыту индексі» ұғымын білім беру, денсаулық және әл-ауқат, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт және инфрақұрылымға қолжетімділік, қауіпсіздік салалары бойынша негізгі индикаторларды қамтитын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің кешенді көрсеткіші ретінде толықтыру ұсынылатынын айтты.

 Сонымен қатар семинар барысында жастар және студенттік ұйымдардың өкілдерімен «Тәуелсіздік ұрпақтары» Ұлттық жобасы талқыланды.

Өз кезегінде, жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов жастар және отбасы саясаты саласында қойылған міндеттерді іске асыру бойынша жұмысты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.