ШҚО-да жастарды тұрғын үй жағдайымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

278
көрілім

7 желтоқсан күні «AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңестің отырысында «Жастарды тұрғын үй жағдайымен қамтамасыз ету мен Азаматтарды әскери қызметке даярлау және әскерден жалтару үрдісін тоқтату мақсатында атқарылған жұмысы туралы» мәселелер қаралды. 

Аталған мәселелер бойынша баяндамашылар ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының Тұрғын үйді мониторингтау бөлімінің басшысы – Мамырбекова Жазира Хизатуллановна, ШҚО бойынша қорғаныс Департамент бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы – Сатбалдинов Жаслан Асылбекович және Әскерден тыс жұмыс және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобының бастығы, аға лейтенант – Кыдырканов Айзат Ерболович. 

Жастар арасында әскери-патриоттық бағытты дамыту бойынша тәрбие жұмысы сағатында Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен бірлігін нығайтуға ықпал ететін мәдени, этникалық, тілдік және діни алуан түрлілікке негізделген негізгі қазақстандық құндылықтарды ашатын дәрістер мен әңгімелесулер өткізілетіні аталып өтті.

Сондай-ақ «ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бастауымен 2024 жылы «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша жұмыс атқаратын жастарға жеңілдікпен тұрғын үй алуға мүмкіндік болатыны айтылды.