ШҚО-да жастардың жұмысқа орналасу әлеуетін арттыруға басымдық берілуде

741
көрілім

Ақпан айының 23-і күні «Jas Otan» Жастар қанаты ШҚО филиалының ұйымдастыруымен «ALTYN KÓPİR» жобасы аясында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шарағ электротехникалық колледжінің Халықаралық, Республикалық дәрежедегі WorldSkills байқауының жеңімпаз студент жастары мен жоғары сынып оқушылары қатысқан-тын.  
IT орталығының мамандары, студенттері мен жоғары сынып оқушыларының арасында өзара тәжірибе алмасу алаңын құру басшылыққа алынды.
- Бітіруші түлектерді қолдай отырып, сапалы мамандардың үлес салмағын арттыру, одан бөлек, білікті студент жастар мен жоғары сынып оқушыларының әлеуметтенуіне қолдау беру де аса маңызды, - деді ұйымдастырушылар.
Бағдаралама аясында «Жас маман» жобасы бойынша салынған IT орталығына экскурсия жүргізіліп, заманауи құрылғылармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері көрсетілді. Жоба аясында 300 жоғары сынып оқушылары қамтылды. Ұйымдастырушылар бағдарламаның әсері жастардың жұмысқа орналасу әлеуетін арттырып, оқушы жастардың IT саласына деген қызығушылығын қалыптастыратындығын жеткізді.