ШҚО-да «Жасыл ел»жастар қозғалысы ағымдағы жылғы еңбек маусымын тәмамдап, белсенділігімен танылған жастар марапатқа лайықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Биылғы жылғы маусымның аяқталуына орай аймақта бірқатар шаралар өтті. Соның ішінде, әр аймақтан келген 100-ден астам өкіл және шығысқазақстандық «Жасыл ел» жастар қозғалысының мүшелері «Green city» атты тимбилдингте бас қосып, тәжірибе алмасты. Кейін «Қазақстандағы жасыл технология дамуы» тақырыбында пікір таласып, ойларымен бөлісті.
– «Жасыл ел» қатарына қосылып жатқан жастардың саны әр жыл сайын өсіп келеді. Биылғы маусымның өзіне 18 мыңнан астам адам белсенді қатысты. Бұгінгі күні әлемде жасыл технология, жасыл экономика мәселері өзекті болғандықтан, осындай ірі бағдарламалар іске асуы қажет, – деді ҚР Дін және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Ғабидулла Оспанқұлов.
Маусым қорытындысына арналған шаралар салтанатты жиынмен жалғасын тапты. Биылғы маусымда үздік болып танылған «Жасыл ел» мүшелерін марапатталды.