«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен С.Аманжолов атындағы университеттің жатақханасында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Комиссия мүшелері университеттің №3 және №5 жатақханасын бақылады. Күзгі маусымда жүргізілген мониторинг ескертулері қолға алынды.
Кездесу барысында студенттермен сұхбат жүргізілген болатын. Студенттердің тұрмыс жағдайы жақсы. Шара аясында қадағалаушылар жатақханалардың жай-күйімен, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуымен, инфрақұрылымның қол жетімділігімен танысты. Бүгінгі таңда жатақхана эпидемиологиялық талаптарға сәйкес.
Тексеру барысында С.Аманжолов университетінің жатақханаларында заң бұзушылықтар анықталған жоқ, студенттерден шағымдар түспеді. Мониторинг тобы өкілдерінің айтуынша, мұндай рейдтер республиканың барлық оқу орындарының жатақханаларында өтті.