Бұл туралы Өскеменде өткен жиында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, қазір өңірде ұзын-саны 1158 жаттықтырушы бар. Оның ішінде біршамасы ауылды жерде жұмыс істеуде. Десе де басқарма басшысы бапкерлер санын арттырып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар тоқтамау қажеттігін жеткізді.
- Аймағымыз қысқы спорт түрінің шеберханасы екендігі көпшілікке мәлім. Талантты спортшыларымыз көбінде ауылды жерлерден шығады. Қазір елді мекендерде 427 жаттықтырушы бар. Бұл көрсеткішті әлі де көбейте түсу қажет. Бұл бағытта тиісті жұмыстар қолға алынуда, - дейді жауапты тұлға.
Әділхан ЕСІМХАНОВ