Өңірдегі елді мекендерден бөлек, облыс орталығында да толассыз жаңбыр жауып тұр. Оған қоса, Семей өңірінде бұрқасын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгін Семей, Курчатов қалалары мен Жарма ауданында бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушыларына сабақ болған жоқ. Сонымен қатар ақпанның 27-сі күні бірқатар бағытта көліктер қатынайтын жолдар жабылған. Мәселен, бұрқасын соғып, Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха бағытындағы жолдарда көру қиынға түскен. Өскемен-Семей бағытында да жүруге болмайды (Герасимовка ауылынан Семейге дейін).
Қазгидромет мәліметінше, ақпанның 27-28 күндері бірқатар аудандарда жауын-шашын мөлшері көбейеді деп күтілуде.