ШҚО-да жаяу бұрқасын соғады

458
көрілім
Шартты фотосурет

Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, елдің шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.

Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.