Бүгін еліміздің бірнеще өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болып, бұрқасын соғуы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Өңірдің оңтүстігі мен шығысында желдің күші 23-28 м/с артады. Павлодар облысының батысында – бұрқасын мен көктайғақ, өңірдің солтүстігі мен батысында 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, өңірдің батысы мен оңтүстігінде – тұман түсіп, түнде батысы мен орталығында 15-20 м/с екпінде жел соғуы күтіледі.