Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ұлан ауданы аумағынан 19 бас жылқы жоғалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпан айының 18-і күні Ұлан аудандық полиция бөліміне Бозанбай ауылдық округі аумағындағы жайылымда 19 бас жылқының жоғалғандығы туралы ақпарат түскен. Арыз ҚР Қылмыстық Кодексі 186-бабының (ұрлық) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Іздеу шараларына тікұшақ жұмылдырып, жоғалған жылқылар тау шатқалындағы «Қызыл Қайың» учаскесінде табылды.