Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дер кезінде қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында қаңтар айының 19-нан бастап өңір полицейлері күшейтілген қызметке көшті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел алдын алу іс-шарасының 6 күнінде 138 қылмыс тіркелді, оның 93-і ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 42 қылмыс ашылды.
- Бұдан басқа, «Құқықтық тәртіп» шеңберінде 2533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйлерінде болмау жайттары бар. Учаскелік полиция инспекторларымен 1160-қа жуық жалдамалы пәтер, 72 қараусыз қалған үй, 1747-ден астам саяжай тексерілді, - делінген ақпаратта.