ШҚО-да жедел алдын алу шарасы кезінде жүргізушілерден 5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді

372
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында төленбеген айыппұл мөлшері 5 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірде жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында борышкерлер мен жол жүру ережесін қасақана бұзғандар анықталуда. Аталған шара кезінде 247 автокөлік мамандандырылған тұрақтарға орналастырылып, үш күнде 5 млн. 762 мың теңге қаржы өндірілді.

- Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі өткеннен кейін мәжбүрлеп орындау үшін айыппұл салу туралы қаулы жеке сот орындаушыларына немесе құқық бұзушының еңбек сіңірген жеріне жіберіледі. Осыған орай, ШҚО бойынша полиция департаменті айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын болдырмау үшін айыппұлды уақтылы төлеуді ұсынады, - деді ШҚО Полиция департаментіндегілер.