Желдем жәрдемді шақырту үшін 103-тен бөлек басқа да нөмірге қоңырау шалуға болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кейде жедел жәрдеммен байланысқа шыға алмай жатамыз деп тұрғындардан шағым түседі. Бұл әртүрлі жағдайға байланысты болуы мүмкін. Облыстық жедел жәрдем станциясы тез арада қоңырау соғудың жолын айтты.
Кейбір қытайлық маркадағы мобильді құрылғылар жедел жәрдем қызметімен (103), полициямен (102), өрт сөндіру қызметімен (101) және газ апаттық қызметімен (104) байлаланысқа шыға алмайды. Сол себепті барлық қоңыраулар Төтенше жағдайлар департаментінің біріңғай кезекші-диспечерлік қызметтің – 112 телефон нөміріне бағытталады. Мұндай жағдайда байланыс орталығына қоңырау шалуға асықпаңыз. Себебі байланыс операторлары мобильді құрылғылардың жұмысын өзгерте алмайды. Бірақ терілген нөмірдің алдына 9 префиксін қосуға болады:
9103 – жедел жәрдем;
9102 –полиция қазметі;
9101 –өрт сөндіру қызметі.
Есту немесе сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтқан адамдарға және 103 арнасына байланысқа шыға алмағандарға арнайы қосымша да іске қосылған. Telegram bot https://t.me/vko_103_bot.