Ақпан айының 21-25 аралығында облыс аумағында «Дәрмек» жедел-алдын алу шарасының 1-ші кезеңі өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты бес қылмыс құжатталған.
Сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттардың заңды айналымы желісі бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, соның ішінде
- Құрамында есірткі және психотроптық заттар бар препараттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін 5 медицина қызметкері (ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы 1-бөлігі бойынша);
- Дәріханалардан құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар препараттарды рецептісіз сату фактісі үшін 3 фармацевт (ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, Өскемен және Семей аумағында прекурсорларды (күкірт және тұз қышқылдары) көтерме және бөлшек саудада сатуға маманданған екі ірі кәсіпорында тексеру кезінде үй-жайларды сақтау және техникалық нығайту бөлігінде бұзушылықтар анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы).
Заңсыз айналымнан жедел алдын алу іс - шарасы кезінде 737,16 грамм есірткі құралдары мен психотроптық заттар, сондай-ақ 63 тонна 913 кг прекурсор (18 тонна 75 кг-күкірт қышқылы, 45 тонна 838 кг-тұз қышқылы) алынды.