ШҚО-да жел екпіні күшейеді

345
көрілім
Шартты фотосурет

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде нөсер болып, шығыста жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың солтүстік бөлігінде антициклон әсерінен күн райы ашық болады деп күтілуде. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал, сондай-ақ жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеймек.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күндіз жел епкіні 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарында аспанды ала бұлт торлауы мүмкін.

Синоптиктер ШҚО-ның кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, бірнеше өңірінде жаңбыр жауады деп болжауда.