Бүгін республиканың барлық аумағында жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігінде түнде және таңғы уақытта тұман болады.
Қызылорда облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
ШҚО, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, жел екпінінің күшеюі күтіледі.