Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың шығысында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Синоптиктер болжамынша, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстікте, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз батысында, орталығында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжануда.