ШҚО-да жел екпіні күшейеді

397
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз солтүстігінде, шығысында жел екпіні 23 м/с-қа жетіп, солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел қарқыны 25 м/с жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ жаууы күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с-қа жетіп, тұман түседі деп болжануда.