ШҚО-да жел екпіні күшейеді

262
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз, тек солтүстік-шығыс өңірлерде жаңбырлы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
 Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, орталығында және таулы аудандарында жел ұйтқи соғып, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады деп болжануда.